Chery Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетеді
«Астана Моторс» құрамына кіретін Chery Kazakhstan дистрибьюторы су тасқынынан зардап шеккендерге құны 50 миллион теңге гуманитарлық көмек жіберді.
«Қазақстан қиын кезеңдерді бастан өткеруде, біз бұрын-соңды болмаған су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қолдау білдіргіміз келеді, сондай-ақ ТЖМ құтқарушылары мен еріктілерге ерлігі мен қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқымыз келеді. Chery International халықаралық компаниясы мен Қазақстандағы Chery дистрибьюторы да өз атынан 50 млн теңге көлемінде қосымша гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Қазір Солтүстік Қазақстан облысының сұранысы бойынша гуманитарлық жүк жинақталып, көмек Петропавлға жөнелтілетін болады», - деді Chery қазақстандық дистрибуция директоры Нұрлан Шамгонов.
Айта кеткен жөн, қытайлық Chery автомобиль бренді дәстүрлі түрде бүкіл әлем бойынша көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетеді және қоғамның игілігіне бағытталған бастамаларға назар аударады. 2023 жылы Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге «АҚ ЕРТІС» Қоғамдық қорына 14 миллион теңге жіберді.
Chery бренді «жасыл» дамуға, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік қолдауға, сондай-ақ таланттар мен басқа да бағыттарды қолдауға бағытталған көптеген әлеуметтік жобаларды жаһандық деңгейде жүзеге асырады. Компания оның қосқан үлесі Chery бренді бар барлық аймақтардағы қоғамға оң әсер ететініне және пайда алып келетініне сенімді.
Қазақстанға Chery бренді ресми түрде 2021 жылдың желтоқсанында шықты. Үш жыл ішінде жаһандық Chery International қазақстандық «Астана Моторс» компаниясымен және Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторымен серіктестікте автокөліктерді қазақстандық нарыққа жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар жобаларға белсенді қатысады, сол арқылы өзінің корпоративтік жауапкершілік қағидаттарын іске асырады.
Бұл іс-шараларға балаларға, қарттарға және мүгедектерге қамқорлық көрсету, төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде көмек беру, экология және «жасыл» даму саласындағы белсенді жұмыстар кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Астана Моторс» компаниясы алғашқылардың бірі болып су тасқынынан зардап шеккендерге 500 млн теңге көлемінде көмек аударған болатын. Сондай-ақ «Астана Моторс», MEGA СОО, Mycar.kz компанияларының қызметкерлері өз бастамасы бойынша 10 421 000 теңге көлемінде қаражат жинап, оған бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алды. Гуманитарлық көмек Ақмола облысының Атбасар ауданына жіберілді.
Тест-драйвке жазылу
Бізге әлеуметтік
желілерде қосылыңыз
Сервиске жазылу
Қолайлы Chery автокөлігін таңдаңыз және сервиске жазылыңыз
Байланыстар
Сізге ең жақын автокөлік дилерінің мекенжайын табыңыз
Қосалқы бөлшектер
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Қосымша жабдық
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға және жеке деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді растайсыз.